Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің 21.07.2021 № 43 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 08-02-03/92 хатына сәйкес, Балықты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бруцеллез" ауруының шығуына байланысты Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық округі, Абай ауылы Абай көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түлкібас ауданы әкімдігінің | |
Балықты ауылдық округ әкімі | М. Телгараев |