Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің 24.05.2021 № 91 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 08-02-03/57 ұсынысы негізінде Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі, Үтіртөбе елді мекенінің Жағалау көшесіне бір бас уақ малдың бас миының сынамасынан "листериоз" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Жетісай ауданының "Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Қасымовқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Касымов |