Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Келес ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 08-02-03/228 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Келес ауданы Бірлік ауылдық округінің (кадастрлық нөмірі № 19-326-087-199) жер учаскесінде орналасқан У.Сергалиевтің мал шаруашылығы кешенінің аумағында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі №13 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23526 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірлік ауылдық округ әкімі | А. Серикбаев |