Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 13 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 шілдеде № 23526 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 20 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 28.09.2021 № 20 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Келес ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 08-02-03/166 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Келес ауданы Бірлік ауылдық округінің (кадастрлық нөмірі № 19-326-087-119) жер учаскесінде орналасқан У.Сергалиевтің мал шаруашылығы кешенінің аумағында бір бас уақ малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірлік ауылдық округінің әкімі О. Аристанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады