ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, "Өскемен қаласының құрамдас бөліктеріне атау және қайта атау беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 4311 қаулысы және Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 қарашадағы № 63/4 шешімі, "Өскемен қаласының құрамдас бөлігіне қайта атау беру жөнінде ұсынысты енгізу туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 4749 қаулысы және Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/9-VI шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктері:
20-шы тұрғын ауданындағы:
№ 13 көшесіне – Анатолий Иванов көшесі;
№ 15 көшесіне – Қайым Мұхамедханов көшесі деген атау берілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктері:
Образцовая көшесі – Дмитрий Менделеев көшесі;
Амурская көшесі – Қанипа Бітібаева көшесі деп қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Сессия төрағасы | А. Анчугин |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
Д. Рыпаков |