Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 120 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/37-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 8683 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, "Өскемен қаласының құрамдас бөліктеріне атау және қайта атау беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 4311 қаулысы және Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 қарашадағы № 63/4 шешімі, "Өскемен қаласының құрамдас бөлігіне қайта атау беру жөнінде ұсынысты енгізу туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 4749 қаулысы және Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/9-VI шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктері:

      20-шы тұрғын ауданындағы:

      № 13 көшесіне – Анатолий Иванов көшесі;

      № 15 көшесіне – Қайым Мұхамедханов көшесі деген атау берілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктері:

      Образцовая көшесі – Дмитрий Менделеев көшесі;

      Амурская көшесі – Қанипа Бітібаева көшесі деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы А. Анчугин
      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады