ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Мыналар:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алғабас ауылынан оңтүстікке қарай 14,0 км орналасқан сұралып отырған жер учаскесі тұстамасындағы Сибинка өзені мен оның салаларының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алғабас ауылынан оңтүстікке қарай 14,0 км орналасқан сұралып отырған жер учаскесі тұстамасындағы Сибинка өзені мен оның салаларының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы ______________ М. Иманжанов
2021 жылғы "___"_______________
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 130 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алғабас ауылынан оңтүстікке қарай 14,0 км орналасқан сұралып отырған жер учаскесі тұстамасындағы Сибинка өзені мен оның салаларының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
| Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Шекара ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | Шекара ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Сибинка өзені мен оның салалары | 13,445 | 876,92 | 500 | 26,46 | 336,42 | 100 |
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері шекарасы мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.