"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 1894 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4676 болып тіркелген);
2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 4768 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 1894 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6348 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |