Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 5198 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26124 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 1894 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4676 болып тіркелген);

      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 4768 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 1894 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6348 болып тіркелген).

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады