"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 тамыздағы № 485 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округінің Майлин ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан сібір жарасы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Майлин ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 3 тамыздағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23854 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Майлин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Майлин ауылдық округінің әкімі | Е. Нургалиев |