Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 қазандағы № 10/6-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25078 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 05.10.2022 № 24/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 05.10.2022 № 24/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Бесқарағай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" 2016 жылғы 11 қазандағы № 6/6-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4734 болып тіркелген);

      2) "Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қазандағы № 6/6-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 47/12-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6496 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы М. Абылгазинова

  2021 жылғы 27 қазандағы
№ 10/6-VІI шешімге
қосымша

Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 19.03.2024 № 14/4-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарынды өтеу) "Абай облысы Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

      3. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе "электрондық үкімет" веб-порталға (бұдан әрі – портал) Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2- қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген кажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бескарагайском районе

Решение Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 октября 2021 года № 10/6-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 ноября 2021 года № 25078.

      Сноска. Заголовок решения в редакции решения Бескарагайского районного маслихата области Абай от 05.10.2022 № 24/6-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Бескарагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бескарагайском районе, согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Бескарагайского районного маслихата области Абай от 05.10.2022 № 24/6-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу следующие решения Бескарагайского районного маслихата:

      1) решение "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 11 октября 2016 года № 6/6-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4734);

      2) решение "О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 11 октября 2016 года № 6/6-VI "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 24 декабря 2019 года № 47/12-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6496).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Бескарагайского районного маслихата М. Абылгазинова

  Приложение к решению
от 27 октября 2021 года
№ 10/6-VІI

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бескарагайском районе

      Сноска. Приложение в редакции решения Бескарагайского районного маслихата области Абай от 19.03.2024 № 14/4-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бескарагайском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" от 25 марта 2021 года № 84 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее- Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее- возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Бескарагайского района области Абай" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение на дому (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение на дому детей с инвалидностью посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления, согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.

      7. Размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями, из числа детей с инвалидностью, по индивидуальному учебному плану равен четырем месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.