Бесқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 қазандағы № 10/6-VІI "Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 25/9-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 8 қаңтарда № 406-18 болып тіркелді

      Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай аудандық мәслихатының "Бесқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 27 қазандағы № 10/6-VІI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25078 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын он айлық есептік көрсеткішке тең".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
      М. Абылгазинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады