Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 3-3-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8400 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |