Ескерту. Күші жойылды -Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 21.10.2021 № 9 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Жарма ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 05 сәуірдегі № 4 хаттамасы негізінде, Жарма ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округінің Қалбатау ауылының, Қапанбұлақ ауылдық округінің Қапанбұлақ ауылының, Қаратөбе ауылдық округінің Қаратөбе ауылының, Бірлік ауылдық округінің Бірлік ауылының және Жаңғызтөбе кенітінің Шуақ ауылының аймағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жарма ауданы әкімінің орынбасары Т. Муратов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі | А. Нургожин |