Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24941 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №6 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8538 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің орынбасары Т. Муратовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі А. Нургожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады