Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №6 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8538 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің орынбасары Т. Муратовқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі | А. Нургожин |