Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 22.12.2021 № 691 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылы 8 шілдеде №13898 тіркелген) "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2021 жылға орындарына квота белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2021 жылға орындарына квота белгіленсін.
4. "Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде аталған қаулының көшірмесінің Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Зайсан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 226 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7056 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 12 мамырында электрондық түрде жарияланған) қаулысының және Зайсан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 225 "Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7057 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 12 мамырда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Нуртазинге жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зайсан ауданының әкімі | С. Зайнулдин |
Зайсан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 179 қаулысына 1 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квота мөлшері
№ | Ұйымныңатауы | Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны | Белгіленген квота мөлшері | |
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан ауданының орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 470 | 1 | 5 |
2 | Зайсан ауданы әкімдігінің "М. Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 103 | 1 | 1 |
3 | Зайсан ауданы әкімдігінің "М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 121 | 1 | 1 |
Зайсан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 179 қаулысына 2 қосымша |
Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квота мөлшері
№ | Ұйымныңатауы | Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны | Белгіленген квота мөлшері | |
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан ауданының орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 470 | 1 | 5 |
2 | "Зайсан құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 210 | 1 | 2 |
3 | "СМУ-Шығыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 131 | 1 | 1 |
Зайсан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 179 қаулысына 3 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квота мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны | Белгіленген квота мөлшері | |
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "Зайсан құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 210 | 1 | 2 |
2 | "СМУ-Шығыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 131 | 1 | 1 |