Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 226 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 мамырда № 7056 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 179 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 11.03.2021 № 179 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Зайсан ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 206 "Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5030 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 07 маусымда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Зайсан ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Зайсан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н.Н. Қабидолдинаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданының әкімі С. Зайнулдин

  Зайсан ауданының әкімдігінің
2020 жылғы "4" мамырдағы
№ 226 қаулысына қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квота мөлшері

    №

Кәсіпорын атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындар саны (адам)

1

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Зайсан ауданының орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

495

1

5

2

"Зайсан құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

212

1

2

3

"СМУ-Шығыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

142

1

1

4

Зайсан ауданы әкімдігінің "М. Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

115

1

1

5

Зайсан ауданы әкімдігінің "М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

127

1

1


Барлығы:

1091


10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады