ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 552 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Дайыр ауылдық округіне қарасты "Жәнібек-БР" және "Сенімжер" шаруа қожалықтарына белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Зайсан ауданының Дайыр ауылдық округі әкімінің "Дайыр ауылдық округіне қарасты "Жәнібек-БР" және "Сенімжер" шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 22 қаңтардағы №3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8360 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Дайыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дайыр ауылдық округінің әкімі | Н. Исанов |