ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 71 – 1 – бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоюсыз "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Малеевск шахтасының өнеркәсіптік алаңы аумағында пайдалы қазбаларға барлау (іздестіру бағалау ұңғымаларын бұрғылау) бойынша әрекеттер жүргізу үшін ауданы 25 га жер теліміне 2022 жылдың 28 наурызына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер пайдаланушылардың телімдеріне келтірілген шығындарға өтемақыны қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларға барлауды аяқтағаннан кейін бұзылған жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.
3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген мерзімде:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Охременкоға жүктелсін.
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының әкімі | К. Байгонусов |