ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Аршаты ауылының тұрғындарының пікірлерін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысын есепке ала отырып ШЕШЕМІН:
1. Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі Аршаты ауылының "Күншығыс" көшесі "Жазу Қонжықұлы" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкiмi | Е. Кобешев |