Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі Аршаты ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 ақпанда № 8399 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Аршаты ауылының тұрғындарының пікірлерін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысын есепке ала отырып ШЕШЕМІН:

      1. Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі Аршаты ауылының "Күншығыс" көшесі "Жазу Қонжықұлы" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкiмi Е. Кобешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады