Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 03.05.2022 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 26 мамырдағы № 717 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Күршім ауданы Күршім ауылдық округінің "Көкжыра" учаскесінде орналасқан "Алдербаев-К" шаруа қожалығына мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ШҚО Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімі |
Е. Нурсоветов |