Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабына сәйкес және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 553 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округінің, "Көкжыра" учаскесінде орналасқан "Альдербаев-К" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23717 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауылдық округінің әкімі | Е. Нурсоветов |