Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабына және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 1223 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округіне қарасты "Нұрбол" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Абай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымындағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23223 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ШҚО Күршім ауданының Абай ауылды округінің әкімі |
Т. Бактияров |