Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Абай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қазанда № 24818 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабына және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 1223 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округіне қарасты "Нұрбол" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Абай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымындағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23223 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының
Абай ауылды округінің әкімі
Т. Бактияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады