Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округіне қарасты № 2 "Жырғалаң" телімінде орналасқан Ж. Азимбаевтың "Жаз" шаруа қожалығының иелігіндегі ірі қара мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шарасын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 8725 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 қазандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 11.10.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 424 ұсыныс хаты негізінде Қалжыр ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округіне қарасты № 2 "Жырғалаң" телімінде орналасқан Ж. Азимбаевтың "Жаз" шаруа қожалығының иелігіндегі ірі қара мүйізді малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін;

      2. "Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының
Қалжыр ауылдық округінің әкімі
К. Кизатов

Об установлении ограничительных мероприятий в связи с возникновением заболевания бруцеллеза среди крупного рогатого скота, принадлежащего крестьянскому хозяйству Ж. Азимбаева "Жаз" расположенному на участке № 2 "Жырғалаң" Калжырского сельского округа Курчумского района

Решение акима Калжырского сельского округа Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 30 апреля 2021 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 4 мая 2021 года № 8725. Утратило силу - решением акима Калжырского сельского округа Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 11 октября 2021 года № 2

      Сноска. Утратило силу - решением акима Калжырского сельского округа Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 11.10.2021 № 2 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.     
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления руководителя государственного учреждения "Курчумская районная территориальная инспекция комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 13 апреля 2021 года № 424, аким Калжырского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с возникновением заболевания бруцеллеза среди крупного рогатого скота установить ограничительные мероприятия крестьянского хозяйства "Жаз" Ж. Азимбаева, расположенного на участке № 2 "Жырғалаң" Калжырского сельского округа Курчумского района.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Калжырского сельского округа" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Курчумского района;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Курчумского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по источении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Калжырского сельского
округа Курчумского района ВКО
К. Кизатов