Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 1 "Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округіне қарасты № 2 "Жырғалаң" телімінде белгіленген Ж.Азимбаевтың "Жаз" шаруа қожалығының иелігіндегі ірі қара мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 қазандағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қазанда № 24747 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27– бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 893 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округіне қарасты № 2 "Жырғалаң" телімінде белгіленген Ж. Азимбаевтың "Жаз" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 1 "Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округіне қарасты № 2 "Жырғалаң" телімінде белгіленген Ж. Азимбаевтың "Жаз" шаруа қожалығының иелігіндегі ірі қара мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8725 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының
Қалжыр ауылдық округінің әкімі
К. Кизатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады