Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 183 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 40 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 8727 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 119 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.03.2024 № 119 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлан аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 наурыздағы № 183 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5609 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында 11-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) 9 мамыр - Жеңіс күні (негіздердің бірі бойынша):

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері – 342,818 (үш жүз қырық екі бүтін мыңнан сегіз жүз он сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдары белгіленген жеңілдік шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда қызмет өткерген әскери кызметшілері – 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезінде соғыстағы армия құрамына берген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының eрікті жалдама құрамаларының адамдары не сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар – 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына келтірілген және ұрыс соғыстарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде соғысушы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында ұсталып қарусыздандырылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      Ленинград қаласын қоршау кезеңінде каланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгімен марапатталған азаматтар – 20,569 (жиырма бүтін мыңнан бес жүз алпыс тоғыз) айлық есептік көрсеткіш;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары - 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизаңдардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгімен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері) – 10,285 (он бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбек мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар - 10,285 (он бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар 10,285 (он бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Медетова
      Ұлан аудандық мәслихат хатшысы Г. Калиева

О внесении изменения в решение Уланского районного маслихата от 28 марта 2018 года № 183 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21 апреля 2021 года № 40. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 4 мая 2021 года № 8727. Утратило силу решением Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 марта 2024 года № 119

      Сноска. Утратило силу решением Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.03.2024 № 119 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Уланский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Уланского районного маслихата от 28 марта 2018 года № 183 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5609) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан подпункт 4) пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "4) День Победы - 9 Мая (по одному из оснований):

      инвалидам и участникам Великой Отечественной войны - 342,818 (триста сорок два целых восемьсот восемнадцать тысячных) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившие в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - 34,282 (тридцать четыре целых двести восемьдеят две тысячных)месячных расчетных показателей;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - 34,282 (тридцать четыре целых двести восемьдеят две тысячных) месячных расчетных показателей;

      работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполняли задачи в интересах действующей армии и флота

      в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств - 34,282 (тридцать четыре целых двести восемьдеят две тысячных) месячных расчетных показателей;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" - 20,569 (двадцать целых пятьсот шестьдсят девять тысячных) месячных расчетных показателей;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны - 34,282 (тридцать четыре целых двести восемьдеят две тысячных) месячных расчетных показателей;

      супругам (супругу) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а также супруга (супруг) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак - 10,285 (десять целых двести восемьдесят пять тысячных) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - 10,285 (десять целых двести восемьдесят пять тысячных) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденных орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - 10,285 (десять целых двести восемьдесят пять тысячных) месячных расчетных показателей;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Л. Медетова
      Секретарь Уланского районного маслихата Г. Калиева