Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.03.2024 № 119 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 наурыздағы № 183 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5609 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында 11-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4) 9 мамыр - Жеңіс күні (негіздердің бірі бойынша):
Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері – 342,818 (үш жүз қырық екі бүтін мыңнан сегіз жүз он сегіз) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдары белгіленген жеңілдік шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда қызмет өткерген әскери кызметшілері – 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы кезінде соғыстағы армия құрамына берген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының eрікті жалдама құрамаларының адамдары не сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар – 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына келтірілген және ұрыс соғыстарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде соғысушы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында ұсталып қарусыздандырылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;
Ленинград қаласын қоршау кезеңінде каланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгімен марапатталған азаматтар – 20,569 (жиырма бүтін мыңнан бес жүз алпыс тоғыз) айлық есептік көрсеткіш;
екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары - 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;
болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизаңдардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгімен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері) – 10,285 (он бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбек мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар - 10,285 (он бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар 10,285 (он бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Медетова |
Ұлан аудандық мәслихат хатшысы | Г. Калиева |