Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 40 "2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 250 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қарашада № 25382 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 40 "2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6852 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Утегуловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 250 қаулысына қосымша
  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 11 наурыздағы
№ 40 қаулысымен бекітілген

2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

Облыс атауы

Барлығы ақшалай қаражат қажет, мың теңге

Субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері, мың теңге

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандары

элиталық көшеттер

Батыс Қазақстан облысы

250 253,0

1 536,0

50 000,0

79 813,0

118 904,0

-


О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 11 марта 2021 года № 40 "Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства на 2021 год"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 ноября 2021 года № 250. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 ноября 2021 года № 25382

      Акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 11 марта 2021 года № 40 "Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства на 2021 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6852) следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на первого заместителя акима области Утегулова А.К.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Западно-Казахстанской области Г. Искалиев

  Приложение
к постановлению акимата
Западно-Казахстанской области
от 22 ноября 2021 года № 250
  Утвержден
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от 11 марта 2021 года № 40

Объемы бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства на 2021 год

Наименование области

Всего требуется денежных средств, тысяч тенге

Объемы бюджетных средств на субсидирование, тысяч тенге

оригинальных семян

элитных семян

семян первой репродукции

гибридов первого поколения

элитных саженцев

Западно-Казахстанская область

250 253,0

1 536,0

50 000,0

79 813,0

118 904,0

-