Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 болып тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 127 "2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" (Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда №6272 болып тіркелді) және 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 314 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы №127 "2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда №6754 болып тіркелді) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж.Халиуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | М. Манкеев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген |
2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
Ескерту. Көлемдер жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.11.2021 № 250 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Облыс атауы | Барлығы ақшалай қаражат қажет, мың теңге | Субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері, мың теңге | ||||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандары | элиталық көшеттер | ||
Батыс Қазақстан облысы | 250 253,0 | 1 536,0 | 50 000,0 | 79 813,0 | 118 904,0 | - |