Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-7 "2021-2023 жылдарға арналған Зачаган кентінің бюджеті туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6633 тіркелген, 2021 жылы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2021-2023 жылдарға арналған Орал қаласының Зачаган кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:".
2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Сертеков |
Орал қалалық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы |
М. Каженов |