Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-7 "2021-2023 жылдарға арналған Зачаган кентінің бюджеті туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 57-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 қаңтарда № 6778 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-7 "2021-2023 жылдарға арналған Зачаган кентінің бюджеті туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6633 тіркелген, 2021 жылы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2021-2023 жылдарға арналған Орал қаласының Зачаган кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:".

      2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Сертеков
      Орал қалалық мәслихат хатшысының
міндетін уақытша атқарушы
М. Каженов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады