Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген) бұйрығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды (кондоминиум объектісінің құрамына кіретін) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Мүлкәйға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласының әкімі | А. Шыныбеков |
Орал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 2303 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды (кондоминиум объектісінің құрамына кіретін) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 24.05.2023 № 1115 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдың мекенжайы | Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (теңге) |
1 | Орал қаласы, Зачаганск кенті, Бірлік көшесі, № 13 үй | 115 (жүз он бес) теңге 96 (тоқсан алты) тиын |
2 | Орал қаласы, Самал көшесі, № 98 үй | 107 (жүз жеті) теңге 10 (он) тиын |
3 | Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 85/2 үй | 76 (жетпіс алты) теңге 45 (қырық бес) тиын |
4 | Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, №85/6 үй | 78 (жетпіс сегіз) теңге 3 (үш) тиын |
5 | Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Арман" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 120 үй | 84 (сексен төрт) теңге 6 (алты) тиын |
6 | Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 108 үй | 65 (алпыс бес) теңге 5 (бес) тиын |
7 | Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 108/1 үй | 65 (алпыс бес) теңге 4 (төрт) тиын |
8 | Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, № 110/1 үй | 65 (алпыс бес) теңге 1 (бір) тиын |
9 | Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, № 6 үй | 74 (жетпіс төрт) теңге 4 (төрт) тиын |
10 | Орал қаласы, Зачаганск кенті, "Көктем" шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, № 8 үй | 74 (жетпіс төрт) теңге 5 (бес) тиын |
11 | Орал қаласы, "Астана" шағынауданы, № 14 үй | 74 (жетпіс төрт) теңге 8 (сегіз) тиын |
12 | Орал қаласы, "Жаңа Орда" шағынауданы, № 13 үй | 38 (отыз сегіз) теңге 6 (алты) тиын |
13 | Орал қаласы, "Жаңа Орда" шағынауданы, № 6 үй | 58 (елу сегіз) теңге 7 (жеті) тиын |
14 | Орал қаласы, "Жаңа Орда" шағынауданы, № 25 үй | 71 (жетпіс бір) теңге 9 (тоғыз) тиын |