Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 11.03.2024 № 92 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Тукжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөрлі ауданының әкімі | М. Сатканов |
Әкімдіктің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 345 қаулысына қосымша |
Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Орналасу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
1 | Ақсай қаласы, Жастар көшесі, "Металлинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы | 69 | 5 | ауыл шаруашылық өнімдері | жоқ |
2 | Ақсай қаласы, Жібек жолы көшесі мен Абай даңғылының қиылысы | 800 | 5 | ауыл шаруашылық өнімдері | "Салтанат" дүкені |