Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының "Жәнібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 9 қаңтардағы №28-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5526 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Т. Кадимов |