Жәнібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 28-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қаңтарда № 5526 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 12-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген) сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жәнібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.

      2. Жәнібек аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Сәриев
      Мәслихат хатшысы Т.Кадимов

  Жәнібек аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 28-3 шешіміне қосымша

Жәнібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Объектінің түрі

Есептік бірлік

м3/жыл

1.

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,15

2.

Жатақханалар, интернаттар

1 орын

0,81

3.

Қонақ үйлер

1 орын

0,81

4.

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,3

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,22

6.

Емханалар

1 келіп кету

0,04

7.

Ауруханалар

1 төсек-орын

2,1

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,1

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,13

10.

Кинотеатрлар, мәжіліс залдары

1 отыратын орын

0,14

11.

Стадиондар, спорт алаңдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,11

12.

Дүкендер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,8

13.

Халыққа қызмет көрсету орталығы

Жалпы алаңы 1 м2

0,75

14.

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,4

15.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері

1 машина-орын

0,11

16.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,1

17.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

18.

Вокзал, автовокзалдар

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

19.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,3

20.

Тұрмыстық техниканы жөңдеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр;
м3 – куб метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады