"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Бәйтерек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 маусым № 10-12-188 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Переметный ауылының солтүстік-шығыс бағытындағы бағымына жататын мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының "Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Переметный ауылының солтүстік-шығыс бағытындағы бағымына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 1 наурыздағы №25 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6839 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Р. Кадыров |