Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 97 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 шілдеде № 23458 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Бәйтерек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 маусым № 10-12-188 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Переметный ауылының солтүстік-шығыс бағытындағы бағымына жататын мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының "Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Переметный ауылының солтүстік-шығыс бағытындағы бағымына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 1 наурыздағы №25 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6839 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Р. Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады