Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Бәйтерек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 қараша № 10-12-391 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Қаражар ауылының аумағына жататын мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 12 наурыздағы №34 "Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Қаражар ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6848 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Р. Кадыров |