Шектеу іс-шараларын тоқтату және Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 12 наурыздағы №34 "Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Қаражар ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 148 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25283 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Бәйтерек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 қараша № 10-12-391 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі Қаражар ауылының аумағына жататын мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 12 наурыздағы №34 "Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің Қаражар ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6848 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Р. Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады