Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №297 "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының аумағында бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту орындарын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5329 тіркелген, 2018 жылы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Ескендиров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Есалиев |