Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Теректі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Баяхатов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Байгазиевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Теректі ауданының әкімі | А. Утегулов |
Теректі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 15 қаулысына 1-қосымша |
Теректі ауданы бойынша 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Бәйтерек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 95 | 1 | 1 |
2 | "Жумагалиев" шаруа қожалығы | 6 | 1 | 1 |
3 | "Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 179 | 1 | 2 |
Теректі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 15 қаулысына 2-қосымша |
Теректі ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | "Теректі таза – су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 104 | 2 | 2 |
Теректі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 15 қаулысына 3-қосымша |
Теректі ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1. | "Қырман" шаруа қожалығы | 10 | 2 | 1 |
2 | "Тумар" шаруа қожалығы | 8 | 2 | 1 |