Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 97-бабының 3-тармағына сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жеке тұрғын үй қорынан берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін келесі азаматтар санаты айқындалсын:
мемлекеттік қызметшілер;
бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
2. Теректі аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Б.Кенжегулов) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі аудандық мәслихатының хатшысы | А. Нургалиев |