Жеке тұрғын үй қорынан берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 7-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 шілдеде № 23741 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 97-бабының 3-тармағына сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жеке тұрғын үй қорынан берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін келесі азаматтар санаты айқындалсын:

      мемлекеттік қызметшілер;

      бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

      2. Теректі аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Б.Кенжегулов) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихатының хатшысы А. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады