Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.10.2022 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 7-бабының 1-тармағына Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 10 бұйрыққа 1-қосымша |
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асырудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. ЭТҚ қызметіне кандидаттарды іріктеудің негізгі қағидаттары:
1) үміткер кандидаттардың қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес лауазымдарға тең дәрежеде қол жеткізуі;
2) кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін объективті әрі жан-жақты бағалау;
3) кәсіпқойлық;
4) ашықтық;
5) заңдылық.
2-бөлім. ЭТҚ қызметіне (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
3. ЭТҚ-ға қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оларды алдын ала зерделеу Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің (бұдан әрі – аумақтық органдар) басшыларына және кандидатты тағайындайтын кадр қызметіне жүктеледі.
4. ЭТҚ қызметіне түсуге ниет білдірген кандидат жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынады:
1) Агенттіктің ЭТҚ лауазымдарына – Агенттік төрағасының атына;
2) аумақтық органдарының ЭТҚ лауазымдарына – аумақтық қаржылық мониторинг органы басшысының атына.
5. Кандидат кадр қызметіне мынадай құжаттарды табыстайды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (іс жүзінде тұрғылықты орнының мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом мен қосымшасы);
5) әскери қызмет өткергені немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың көшірмесі;
6) өлшемі 3*4 фотосурет (4 дана);
7) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және А4 форматында басылған түрде толтырылған Өмірбаян;
8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
9) егер құжат тігетін папкаға салынған арнаулы атақты беру туралы немесе біліктілік сыныбын белгілеу туралы (бұрын басқа құқық қорғау органдарында қызмет өткергендерге арналған) бұйрықтан үзінді болса, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзінді.
Құжаттардың көшірмелерін қабылдаған кезде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
Кандидаттар кадр қызметінің сұрау салуы бойынша біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты өзге де қосымша ақпаратты ұсынады.
6. Кандидаттың жеке басын зерделеу процесінде оның біліміне және арнайы даярлығына сәйкестігі, тағайындалатын лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі, отбасы жағдайы, еңбек жолы анықталады.
7. Кадр қызметі зерделеу нәтижелері және оның ЭТҚ басшысымен әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидатты ЭТҚ қызметіне іріктелгені туралы немесе іріктеуден дәлелді бас тартуы туралы хаттама түрінде ресімделетін бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсетумен тиісті нәтижесі бар қорытынды шығарады.
Хаттамаға кандидаттың құжаттарын зерделеген кадр қызметінің басшысы және қызметшісі, кандидатпен әңгімелесу жүргізген ЭТҚ басшысы қол қояды.
Кандидатқа іріктеудің қабылданған шешімі туралы кадр қызметі кандидаттардың электрондық мекенжайларына және мобильді телефондарына ақпаратты жолдау арқылы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
8. Қызметке кандидатты іріктеу бойынша мәселе оң шешілген кезде кандидаттың деректерін ЭТҚ қызметіне кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне енгізу туралы шешім қабылданады.
Агенттіктің және оның аумақтық органдарының кадр қызметі, кандидаттың деректерін бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсете отырып қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне енгізеді.
____________________________________
(қаржылық мониторинг органының атауы)
Өтініш
Мені __________________________________________________________
бос лауазымға орналасу үшін іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Қаржылық мониторинг органының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу
қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала
зерделеуді жүзеге асыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
___________ ______________________________________________
қолы аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегі
20____жылғы "___" ___________
9. Қандай шетел тілдерін білесіз (оқи аласыз ба, әлде сөздікпен аудара аласыз ба, әлде түсінісе аласыз ба, еркін сөйлейсіз бе)
_______________________________________________________________
Какими иностранными языками владеете (читаете и переводите со словарем, читаете и можете, объясняться, владеете свободно)
10. Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз (қашан берілген, дипломдарыңыздың нөмірі)
_______________________________________________________________
Ученая степень, ученое звание (когда присвоены, номера дипломов)
11. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз бар _______________
Какие имеете научные труды и изобретения
_______________________________________________________________
12. Еңбек жолыңыз (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарыңыз,
әскери қызмет, қоса атқарған жұмысыңыз, кәсіпкерлік қызметіңіз және т.б. түгел
жазылады)_______________________________________________________________
Бұл тармақты толтырғанда мекемелер мен кәсіпорындар кезінде қалай аталса, сол
қалпында берілсін, әскери қызметтің лауазымы мен әскери бөлімі қоса көрсетілсін
Трудовая деятельность (включая учебу в высших и средних специальных учебных
заведениях, военную службу, работу по совместительству, предпринимательскую
деятельность и т.п.)
_______________________________________________________________
При заполнении данного пункта учреждения организации и предприятия необходимо
именовать так, как они назывались в свое время, военную службу записывать с
указанием должности и номера воинской части
Айы және жылы |
Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін |
Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері | |
келген |
кеткен | ||
Айы және жылы |
Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін |
Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері | |
келген |
кеткен | ||
13. Жақын туыстарыңыз (әкеңіз, шешеңіз, бауырларыңыз, апа-қарындастарыңыз және
балаларыңыз), сондай-ақ жұбайыңыз (зайыбыңыз):
Ваши близкие родственники (отец, мать, братья, сестры и дети), а также муж (жена):
Туысқандық деңгейі |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жері, датасы |
Жұмыс орны, қызметі |
Тұрғылықты мекен-жайы |
1Егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, олардың бұрынғы
тегін, атын, әкесінің атын қоса көрсетіңіз
Если родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то необходимо указать их
прежние фамилию, имя, отчество (при его наличии)
14. Қандай мемлекеттік және өзге марапаттарыңыз бар
Какие имеете государственные и другие награды (қашан, немен марапатталдыңыз) и
(когда и чем награждены)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
15. Әскери қызметке қатысыңыз және әскери атағыңыз
____________________________________________________________________
Отношение к воинской обязанности и воинское звание
16.Құрамы _____________________________________________________
Состав (командалық, саяси, әкімшілік, техникалық және т.б.)
17.Әскер түрі ___________________________________________________
Род войск (командный, политический, административный, технический и т.д.)
18. Мекен-жайыңыз бен телефоңыз ________________________________
Домашний адрес и телефон
20_____жылғы "_____"_______________________
(толтырылған күні) (дата заполнения)
Өзінің қолы _________________
Личная подпись
(Жеке іс парағын толтырушы қызметкер кейінгі өзгерістер туралы (білімі, ғылыми
дәреже, атақ алуы т.с.с.) қызмет орнына хабарлауға міндетті. Бұл мағлұматтар жеке іс
қағазына енгізіледі). (Работник, заполняющий личный листок, обязан о всех
последующих изменениях (образовании, присвоении ученой степени, ученого звания и
т.п.) сообщать по месту работы для внесения этих изменений в его личное дело).
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 10 бұйрыққа 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (Экономикалық тергеу қызметіне) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 720 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12790 болып тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағы;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы.