Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 18339 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 2 (мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 № 776 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Мемлекеттік кірістер органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12756 болып тіркелген, 2016 жылы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасы бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасы.";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталғандарды, сондай-ақ оларға қатысты ҚР ҚПК-нің 147-бабының негізінде сот күзетпен ұстауды санкциялаған адамдарды айдауылмен алып жүру жөніндегі міндетті орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Экономикалық тергеу қызметінде (бұдан әрі – ЭТҚ) және Комитеттің аумақтық органдарында (бұдан әрі – ЭТД) жедел қызметтердің қызметкерлерінің есебінен айдауыл топтар (бұдан әрі – Айдауыл) құрылады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Айдауылдың қозғалысын бақылауды Комитеттің, ЭТД кезекші бөлімі орнатылған радио арналары және телефон байланысы бойынша үздіксіз жүзеге асырады.

      8. Айдауылдың құрамын, аға айдауылды тағайындауды, нұсқама жүргізуді, байланыс тәртібін Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды.";

      12-тармақ мынадай редакция редакцияда жазылсын:

      "12. Комитеттің, ЭТД жедел кезекшісі айдауылды жедел басқаруды қамтамасыз етеді және:

      1) арнаулы автомобильдердің шығуы мен қайта келуін бақылап отырады;

      2) жасақтардың қызмет ету аяқталған соң қаруларды, оқ-дәрілерді және басқа да оларға берілген арнаулы және техникалық құралдарды өз уақытында және толық тапсыруын қадағалайды.";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Айдауылдау туралы тапсырысты Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) қолымен және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.";

      27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қажет болған кезде Комитеттің, ЭТД жедел кезекшісін хабардар ете отырып, медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізіледі.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Айдауылданушы жол үстінде қайтыс болған жағдайда аға айдауыл Комитеттің, ЭТД жедел кезекшісін хабардар етеді, ол қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жақын орналасқан ішкі істер органынан жедел топты шақырады.

      Тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін, қайтыс болған адамның мәйітін тергеушінің қаулысы бойынша сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жақын маңда орналасқан мәйітханаға жеткізіледі.

      29. Күдіктілерді, айыпталушыларды елді мекендердің шегінде айдауылдау арнаулы автомобильдерде жүзеге асырылады.

      Ерекше жағдайларда, арнаулы автомобиль болмаған кезде, таяу қашықтыққа айдауылдау Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) рұқсатымен қызметтік жеңіл автокөлікпен жүзеге асырылуы мүмкін.";

      32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Айдауылдың құрамын, санын және қаруландыруды Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды:";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Аға айдауыл түпкілікті барар пунктке дейін бара жатқан жолда Комитеттің, ЭТД кезекшісімен байланыс ұстап отыруға міндетті.

      Айдауылданушылардың жүріп-тұруының қауіпсіздігін және сенімді күзетілуін қамтамасыз ету мақсатында арнаулы автомобильдер жарқылдағыш маяктармен, радиостанциялармен және Комитеттің, ЭТД кезекші бөлімінің пультіне дабыл беретін, жүргізуші мен айдауыл арасындағы сөйлесу құрылғыларымен жабдықталады.";

      39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Айдауылдау бағытының қашықтығы ұзақ болған жағдайда не әуе көлігі жалғыз қатынас құралы болып табылса тек Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) рұқсатымен көліктегі ішкі істер органдарымен келісу бойынша әуе кемелерін және әуе кемесінің командирін пайдалануға рұқсат етіледі.";

      47-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға):";

      48-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Түпкілікті барар пункттегі Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға):";

      56-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Түпкілікті барар пункттегі Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға):";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Күдіктілерді, айыпталушыларды межелі жерге жеткізгеннен кейін аға айдауыл әкелінген адамды сот, Комитет, ЭТД ғимараттарында уақытша ұстау бөлмесіне орналастырады, қолындағы кісенді шешеді.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Комитет, ЭТД ғимаратында тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін айдауылданушыны денесіне зақым келтірудің және тыйым салынған заттардың болмауына міндетті түрде сырт келбетін тексеріп, жеке тінту жасай отырып, тергеушіден қабылдап алады.

      Анықталған жағдайда тыйым салынған заттарды алады, бұл туралы баянатпен Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына (оны алмастыратын тұлға) баяндайды.";

      64-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нарядтың құрамын, түрін, санын, қызмет атқару кестесін Комитеттің, ҚМД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды, әйелдерді күзету кезінде, наряд құрамына ЭТҚ-ның әйел қызметкерлері кіреді.";

      көрсетілген Қағидаға 1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
1-қосымша";

      көрсетілген Қағидаға 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.01.2022 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 07.02.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтарындағы № 73 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16346 тіркелген, 2018 жылғы 19 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құжат жүйесінде ресми жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларында:

      19-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 413-бабы 2-тармағына сәйкес тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу бойынша әрекеттерді жүзеге асырады.

      Уәкілетті лауазымды тұлға ақпараттық жүйе арқылы тауарларды кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу үшін кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) (ол болған кезде) жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мамандандырылған (қарап тексеру тобына) бөлімшеге хабарлама жолдайды.

      Тауарларға кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға мемлекеттік кірістер органы басшысына не оны алмастырушы тұлғаға анықталған бұзушылықтар туралы дереу жазбаша түрде хабарлайды және ӘҚК-ге сәйкес шаралар қабылдайды.

      Тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға қаржы мониторингіорганының қылмыстық құқық бұзушылықтарды қарауға байланысты мәселелер құзыретіне кіретін тиісті бөлімшесіне осындай бұзушылықтар туралы ақпаратты береді.".

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 2 (мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 2 (мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 2 (мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
8-қосымша
  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жол журналы

      Айдауыл___________________________________________

      __________________________________________________

                        (Комитеттің, ЭТД атауы)

      __________________________________________________

      __________________________________________________

      __________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
9-қосымша
  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылмен алып жүруге қойылатын талап

      Комитеттің, ЭТД мөртаңбасы

      Комитеттің, ЭТД басшысының

      құқық қорғау қызметі мәселелеріне

      жетекшілік ететін орынбасарына

      (оны алмастыратын тұлғаға)

      ______________________________

      Адамдарды (сыртқы бетінде барлығының аты-жөні) айдауылмен алып жүруге

      20__ жылы "___"________ "__" сағат "__" минут

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тергеу әрекеттерін, сот процесін жүргізу орны)

      __________________________________________________________мекенжайы

      бойынша айдауыл жіберуді сұраймын.

      Айдауылмен алып жүруге жататын адамдар _________________________

                                                (лауазымын, тегін көрсету)

      қарауына түседі.

      Тергеу әрекеті өндірісінің (сот процесінің) басталуы "__" сағат "__" минут.

      Болжамды ұзақтығы _____________________________

                                    (уақыт)

      Тергеуші_______________________________________

                        (біліктілік сыныбы, тегі, қолы)

  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
3-қосымша сыртқы беті

р/с

Т.А.Ә.

Туған жылы

ҚК қандай бабы бойынша күдікті, айыпталады

Ұстау орны, ТИ, УҰИ атауы

Ішкі оқшалау бойынша талап (сыбайластардан бөлек ұстауын көрсету)

Айдауылдың түрін көрсету (қарапайым, күшейтілген, ерекше)

Айдауылмен алып жүрудің тәртібі бойынша басқа да ұйғарымдар

Айдауылмен алып жүрген адамдарға тінтуді жүргізгеннің Т.А.Ә.

ТИ бастығының кезекші көмекшісінің, УҰИ кезекшісінің айдауылмен алып жүрген адамдарды қабылдағаны туралы мөрі қойылған қолхаты





















      Тергеуші ______________________________________________

                        (біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
10-қосымша
  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Комитеттің, ЭТД мөртаңбасы

  Кімге
__________________________
__________________________
(лауазымы, біліктілік сыныбы,
тегі, аты, әкесінің аты)

Ұйғарым

      Осы ұйғарымды табыс еткен адам

      __________________________________________________________________

                              (Комитеттің, ЭТД атауы)

      күдіктілер мен айыпталушыларды

      _________________________________________________________________ға

                              (Комитеттің, соттың, ЭТД атауы)

      айдауылмен алып жүру және қабылдау (тапсыру) үшін аға айдауыл

      болып тағайындалды.

      Ұйғарым 20 __ жылғы "___" __________ бойынша жарамды.

      М.О.

      Комитеттің, ЭТД басшысының

      құқық қорғау қызметі мәселелеріне

      жетекшілік ететін орынбасары

      (оны алмастыратын тұлға)

      _______________________________

      (біліктілік сыныбы, тегі, қолы)

  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
4-қосымша сыртқы беті

      Айдауылдың құрамы

р/с №

Т.А.Ә.

Лауазымы, біліктілік сыныбы

Қарудың түрі, нөмірі









  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
11-қосымша

      Ескерту. 11-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
12-қосымша

      Ескерту. 12-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады