Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қаңтарда № 26601 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 199 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 199 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19900 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі С. Шапкенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 20 қаңтардағы
№ 20 Бұйрығымен
бекітілген

Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 9-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау мақсатында қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп-тұруына арналған техникалық көмек түрі;

      2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарында оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісі болып табылады;

      3) жергілікті атқарушы органдар – облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы;

      4) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар – протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар;

      5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік-еңбек саласында, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кепілдік берілген сома Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26087 болып тіркелген) мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп – тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың және арнаулы жүріп-тұру құралдарының (бұдан әрі – тауар) және санаторий-курорттық емдеудің әрбір түрі үшін айқындалады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Кепілдік берілген соманы айқындауға арналған ақпарат дереккөздеріне (бұдан әрі – дереккөздер) мыналар жатады:

      1) портал деректері (бұдан әрі – бірінші дереккөз) – өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні;

      2) жергілікті атқарушы органдардың тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу деректері (бұдан әрі – екінші дереккөз) – өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні;

      3) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуетті берушілердің коммерциялық ұсыныстары (прайс-парақтар) (бұдан әрі – үшінші дереккөз) – берушілер ұсынған үш коммерциялық ұсыныстың ішіндегі ең төменгі баға.

      5. Екі дереккөздің біреуінің: бірінші немесе екіншісінің деректері болмаған кезде кепілдік берілген соманы айқындау үшінші дереккөздің және екі дереккөздің біреуінің деректері негізінде жүзеге асырылады.

      Бірінші және екінші дереккөздердің деректері болмаған кезде кепілдік берілген соманы айқындау үшінші дереккөз негізінде жүзеге асырылады.

1-параграф. Бағалардың орташа мәнін есептеу

      6. Бағаның орташа мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

      БОМ = (Б1* D1 + ... Б∞ * D∞), мұнда:

      БОМ – бағаның орташа мәні;

      Б1 – бір бағамен сатылған тауардың/қызметтің бір түрі үшін баға;

      D1 – сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің жалпы санынан бір баға бойынша өткізілген тауардың/қызметтің бір түрі санының үлесі (бұдан әрі – үлес).

      Үлес мынадай формула бойынша есептеледі:

      D1... ∞ = C1... ∞/∑C, мұнда:

      С1 – бір бағамен сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің саны;

      ∑С – сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің жалпы саны.

      Бағаның орташа мәнін есептеу кезінде сатылған тауардың/көрсетілетін қызметтің саны сатудың жалпы санының 5% - ынан кем болатын ең төменгі және ең жоғары бағалардан басқа, бірінші көздің деректері пайдаланылады.

2-параграф. Ұсынылатын кепілдік берілген соманы есептеу мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) қызметтердің құнын өтеу ретінде

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Бір бірлік тауар және (немесе) көрсетілетін қызмет үшін кепілдік берілген сома осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген дереккөздерден нақты бағаларды орташалау негізінде мынадай формулалардың бірі бойынша есептеледі:

      1) барлық үш дереккөздің: бірінші, екінші және үшінші дереккөздердің деректері болған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:

      КБС = (БОМ1 + БОМ2 + ЕТБ3)/3, мұнда:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      БОМ1 – бірінші дереккөз бағасының орташа мәні;

      БОМ2 – екінші дереккөз бағасының орташа мәні;

      ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;

      2) екінші дереккөздің деректері болмаған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:

      КБС = (БОМ1 + ЕТБ3)/2, мұнда:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      БОМ1 – бірінші дереккөз бағасының орташа мәні;

      ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;

      3) бірінші дереккөздің деректері болмаған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:

      КБС = (БОМ2 + ЕТБ3)/2, мұнда:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      БОМ2 – екінші дереккөз бағасының орташа мәні;

      ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;

      4) бірінші және екінші дереккөздердің деректері болмаған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:

      КБС = ЕТБ3, мұнда:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға.

3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.08.2022 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің он екі пайызы есебінен айқындалады.

      КБС = АЕК*12%, мұнда

      КБС – кепілдік берілген сома

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

      9. Ымдау тілі маманының бір сағаттық әлеуметтік қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.

      КБС = 2,1*АЕК, мұнда:

      КБС кепілдік берілген сома;

      2,1 – коэффициент;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

      10. Келесі қаржы жылына арналған кепілдік берілген соманы айқындауды уәкілетті орган құратын комиссия ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырады.

Об утверждении Методики определения гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 января 2022 года № 20. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 января 2022 года № 26601. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 2 июня 2023 года № 199.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 02.06.2023 № 199 (вводится в действие с 01.07.2023).
      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 9-3) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемую Методику определения гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 15 "Об утверждении Правил расчета размера гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения, протезно-ортопедической помощи, технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения, приобретаемых через портал социальных услуг" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19900).

      3. Департаменту развития политики социальных услуг Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Сакеева Р.К.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения возникшие с 1 января 2022 года.

      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Шапкенов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждена
приказом Министра
труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 20 января 2022 года № 20

Методика определения гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика определения гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг (далее – Методика) разработана в соответствии с подпунктом 9-3) пункта 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан" (далее – Закон) и применяется в целях определения гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящей Методике используются следующие основные понятия:

      1) специальные средства передвижения – вид технической помощи для активного и пассивного передвижения лиц с инвалидностью;

      2) портал социальных услуг (далее – портал) – информационная система социально-трудовой сферы, которая представляет собой объект информатизации, предоставляющий отдельным категориям населения возможность приобретения товаров и (или) услуг на условиях возмещения местными исполнительными органами их стоимости в соответствии с законами Республики Казахстан "О государственной адресной социальной помощи" и "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан";

      3) местные исполнительные органы – управления координации занятости и социальных программ областей, управления занятости и социальной защиты городов Нур-Султан и Шымкент, управление социального благосостояния города Алматы;

      4) технические вспомогательные (компенсаторные) средства – протезно-ортопедические, сурдотехнические, тифлотехнические средства и обязательные гигиенические средства;

      5) уполномоченный орган в области социальной защиты населения (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в социально-трудовой сфере, а также в области миграции населения в пределах компетенции.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Определение гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Гарантированная сумма определяется для каждого из видов технических вспомогательных (компенсаторных) средств и специальных средств передвижения (далее – товар) и санаторно-курортного лечения (далее – услуга) согласно классификатору технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения и услуг, предоставляемых лицам с инвалидностью, утвержденному приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 502 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26087).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. К источникам информации для определения гарантированной суммы (далее – источники) относятся:

      1) данные портала (далее – первый источник) – среднее значение цен за предыдущий финансовый год;

      2) данные государственных закупок товаров и (или) услуг местными исполнительными органами (далее – второй источник) – среднее значение цен за предыдущий финансовый год;

      3) коммерческие предложения потенциальных поставщиков товаров и (или) услуг (прайс-листы) (далее – третий источник) – минимальная цена из трех представленных коммерческих предложений поставщиков.

      5. При отсутствии данных одного из двух источников: первого или второго, определение гарантированной суммы осуществляется на основе данных третьего источника и одного из двух источников.

      При отсутствии данных первого и второго источников определение гарантированной суммы осуществляется на основании третьего источника.

Параграф 1. Расчет среднего значения цены

      6. Среднее значение цены рассчитывается по формуле:

      СЗЦ = (Ц1* D1 + … Ц∞* D∞), где:

      СЗЦ – среднее значение цены;

      Ц1 – цена за один вид товара/услуги, реализованных по одной цене;

      D1 – доля количества товара/услуги одного вида, реализованных по одной цене, от общего количества реализованного товара/услуги одного вида (далее – доля).

      Доля рассчитывается по формуле:

      D1... ∞ = К1... ∞/∑К, где:

      К1 – количество товара/услуги одного вида, реализованных по одной цене;

      ∑К – общее количество реализованного товара/услуги одного вида.

      При расчете среднего значения цены используются данные первого источника, кроме минимальных и максимальных цен, по которым количество проданного товара/услуги составляет менее 5 % от общего количества продаж.

Параграф 2. Расчет гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг

      Сноска. Заголовок параграфа 2 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Гарантированная сумма за единицу товара и (или) услуги расчитывается на основе усреднения фактических цен из источников, указанных в пункте 4 настоящей Методики, по одной из следующих формул:

      1) при наличии данных всех трех источников: первого, второго и третьего источников, гарантированная сумма на товары и (или)/услуги рассчитывается по формуле:

      ГС = (СЗЦ1+ СЗЦ2 + МЦ3)/3, где:

      ГС – гарантированная сумма;

      СЗЦ1 – среднее значение цен данных первого источника;

      СЗЦ2 – среднее значение цен данных второго источника;

      МЦ3 – минимальная цена из трех представленных коммерческих предложений поставщиков третьего источника;

      2) при отсутствии данных второго источника, гарантированная сумма на товары и (или) услуги рассчитывается по формуле:

      ГС = (СЗЦ1 + МЦ3)/2, где:

      ГС – гарантированная сумма;

      СЗЦ1 – среднее значение цен данных первого источника;

      МЦ3 – минимальная цена из трех представленных коммерческих предложений поставщиков третьего источника;

      3) при отсутствии данных первого источника, гарантированная сумма на товары и (или) услуги рассчитывается по формуле:

      ГС = (СЗЦ2 + МЦ3)/2, где:

      ГС – гарантированная сумма;

      СЗЦ2 – среднее значение цен данных второго источника;

      МЦ3 – минимальная цена из трех представленных коммерческих предложений поставщиков третьего источника;

      4) при отсутствии данных первого и второго источников, гарантированная сумма на товары и (или) услуги рассчитывается по формуле:

      ГС = МЦ3, где:

      ГС – гарантированная сумма;

      МЦ3 – минимальная цена из трех представленных коммерческих предложений поставщиков третьего источника.

Глава 3. Определение гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости на социальные услуги индивидуального помощника и специалиста жестового языка, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 09.08.2022 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Гарантированная сумма на социальные услуги индивидуального помощника определяется, исходя из расчета двенадцати процентов размера месячного расчетного показателя, установленного Законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      ГС = МРП * 12 %, где:

      ГС – гарантированная сумма;

      МРП – месячный расчетный показатель.

      9. Гарантированная сумма на социальные услуги специалиста жестового языка в час определяется из расчета 2,1 месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      ГС = 2,1*МРП, где:

      ГС – гарантированная сумма;

      2,1 – коэффициент;

      МРП – месячный расчетный показатель.

      10. Определение гарантированной суммы на следующий финансовый год осуществляется не позднее 25 декабря текущего финансового года комиссией, создаваемой уполномоченным органом.