Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 маусымда № 32681 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26601 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2022 жылғы 9 тамыздағы № 298 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29077 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалау агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 199 бұйрығымен
бекітілген

Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырма алтыншы абзацына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау мақсатында қолданылады.

      2. Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;

      2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі.

      3) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар:

      протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;

      сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;

      тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;

      міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;

      4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;

      5) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау

      3. Кепілдік берілген сома Кодекстің 12-бабының 5) тармақшасының жиырма алтыншы абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың және арнаулы жүріп-тұру құралдарының (бұдан әрі – тауар) және санаторийлік-курорттық емдеудің әрбір түрі үшін айқындалады.

      4. Кепілдік берілген соманы айқындауға арналған ақпарат дереккөздеріне (бұдан әрі – дереккөздер) мыналар жатады:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының деректері (бұдан әрі – бірінші дереккөз) – өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні;

      2) жергілікті атқарушы органдардың тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу деректері (бұдан әрі – екінші дереккөз) – өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні;

      3) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуетті берушілердің коммерциялық ұсыныстары (прайс-парақтар) (бұдан әрі – үшінші дереккөз) – өнім берушілер ұсынған үш коммерциялық ұсыныстың ішіндегі ең төмен баға.

      5. Екі дереккөздің біреуінің: бірінші немесе екіншісінің деректері болмаған кезде кепілдік берілген соманы айқындау үшінші дереккөздің және екі дереккөздің біреуінің деректері негізінде жүзеге асырылады.

      Бірінші және екінші дереккөздердің деректері болмаған кезде кепілдік берілген соманы айқындау үшінші дереккөз негізінде жүзеге асырылады.

1-параграф. Бағалардың орташа мәнін есептеу

      6. Бағаның орташа мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

      БОМ = (Б1* D1 + ... Б∞ * D∞), мұндағы:

      БОМ – бағаның орташа мәні;

      Б1 – бір бағамен сатылған тауардың/қызметтің бір түрі үшін баға;

      D1 – сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің жалпы санынан бір баға бойынша өткізілген тауардың/қызметтің бір түрі санының үлесі (бұдан әрі – үлес).

      Үлес мынадай формула бойынша есептеледі:

      D1... ∞ = C1... ∞/∑C, мұндағы:

      С1 – бір бағамен сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің саны;

      ∑С – сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің жалпы саны.

      Бағаның орташа мәнін есептеу кезінде сатылған тауардың/көрсетілетін қызметтің саны сатудың жалпы санының 5 % - ынан кем болатын ең төмен және ең жоғары бағалардан басқа, бірінші көздің деректері пайдаланылады.

2-параграф. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы есептеу

      7. Бір бірлік тауар және (немесе) көрсетілетін қызмет үшін кепілдік берілген сома Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген дереккөздерден нақты бағаларды орташалау негізінде мынадай формулалардың бірі бойынша есептеледі:

      1) барлық үш дереккөздің: бірінші, екінші және үшінші дереккөздердің деректері болған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:

      КБС = (БОМ1 + БОМ2 + ЕТБ3)/3, мұндағы:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      БОМ1 – бірінші дереккөз бағасының орташа мәні;

      БОМ2 – екінші дереккөз бағасының орташа мәні;

      ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;

      2) екінші дереккөздің деректері болмаған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:

      КБС = (БОМ1 + ЕТБ3)/2, мұндағы:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      БОМ1 – бірінші дереккөз бағасының орташа мәні;

      ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;

      3) бірінші дереккөздің деректері болмаған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:

      КБС = (БОМ2 + ЕТБ3)/2, мұндағы:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      БОМ2 – екінші дереккөз бағасының орташа мәні;

      ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;

      4) бірінші және екінші дереккөздердің деректері болмаған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:

      КБС = ЕТБ3, мұндағы:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға.

3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсететін қызметтер порталы арқылы сатып алатын жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау

      8. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,64 пайызы есебінен айқындалады.

      КБС = АЕК*13,64 %, мұндағы:

      КБС – кепілдік берілген сома;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілген сомадан міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеуге шығыстар ұсталады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.08.2023 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ымдау тілі маманының бір сағаттық әлеуметтік қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.

      КБС = 2,1*АЕК, мұндағы:

      КБС кепілдік берілген сома;

      2,1 – коэффициент;

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

      10. Келесі қаржы жылына арналған кепілдік берілген соманы айқындауды уәкілетті орган құратын комиссия ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады